Р. САДЫҚОВ: ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА
Бүгінгі сайлауда қоғамның барлық санаты белсенділік танытып жатыр. Ертелетіп сайлау учаскесіне барғандардың қатарында қаланың қоғамдық кеңесінің өкілдері де бар. Кеңес төрағасы Равиль Садықов жұмыс күнін өзі бекітілген учаскеде барудан бастады.
Басқа жұмысты ысырып қойып, алдымен дауыс беруді жөн көрген Равиль Исламұлы әркім өз таңдауын көпке созбай жасауға тиіс деп есептейді.
Бүгін өз таңдауымды жасадым. Жаңа Конституция, жаңа Құрылтай – еліміз үшін жаңа кезең. Қазақстанды алда үлкен мүмкіндіктер мен өзгерістер күтіп тұрғанына сенемін. Баршаға ортақ таңдауымыз еліміздің одан әрі күшейіп, әділетті әрі жақсы мемлекетке айналуына жасалған қадам болады деп үміттенемін. Ел болашағы – өз қолымызда! – деді ол.
Жалпы, көмірлі өлкеде сайлаушылар науқанға белсенділікпен қатысып жатыр. Облыста 639 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олардың қатырында алғаш рет төрт учаске өнеркәсіптік кәсіпорындарда жұмысын бастады.
Манас АҚСАРЫ.

