ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен ҚР Үкіметінің отырысы өтті

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында кәсіпкерлік қызметті реттеудің жаңа тәсілдерін іске асыру мәселесі қаралды. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының міндетін атқарушы Нариман Әбілшайықов баяндама жасады. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет саласында жаңа реттеушілік саясатты енгізу мәселелері жөніндегі Заңға (бұдан әрі – Заң) қол қойды. «Заңды іске асыру мақсатында биылғы 1 ақпанда Заңның қолданылуын қамтамасыз ету үшін қабылдануы қажет құқықтық актілердің тізбесін бекітуді көздейтін Премьер-Министр өкімінің жобасы Үкіметке енгізілді. Тізбе 164 нормативтік-құқықтық актіні қамтиды», — деді Ә. Қуантыров. Министрдің айтуынша, Реформаның негізі үш маңызды акті: 1) Реттеушілік әсерді талдау және пайдалану қағидалары; 2) «Реттеушілік актілері «Міндетті талаптар тізіліміне» енгізілуге жататын салаларды айқындау туралы» Үкімет қаулысы; 3) Кәсіпкерлік саласындағы Міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары. Сәуір айында қабылдау жоспарланып отыр. Актілер әзірленді, олар бойынша келісу процесі жүргізілуде. Осыған байланысты мемлекеттік органдар жобаларды уақтылы әзірлеу және қабылдау үшін белсене қатысуы тиіс. Актілер әзірленді, олар бойынша келісу процесі жүргізілуде. Осыған байланысты, министрдің айтуынша, мемлекеттік органдар жобаларды уақытылы әзірлеу және қабылдау үшін белсене қатысуы тиіс.