ҚР ОСК: партиялық тізімдерді тіркеудің, жеребе тартудың, шетелдік байқаушыларды аккредиттеудің және сайлау алдындағы үгіттің қорытындылары туралы

18 ақпанда Орталық сайлау комиссиясының партиялық тізімдерді тіркеу қорытындылары туралы, саяси партиялар атауларын дауыс беруге арналған сайлау бюллетеніне (жеребе тарту арқылы) енгізу., шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу және 2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы үгіт жүргізу тәртібі туралы 2 отырысы өтті.