ҚР Энергетика министрі дизель отынының жағдайы туралы айтты

ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.
Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз.
Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.
Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше).
Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, — деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Ішкі нарықтағы жанармай жағдайын тұрақтандыру үшін Қазақстанның көрші елдермен салыстырғандағы бағадағы айырмашылықты төмендету қажет. Бұл қиын, бірақ қажет шешімге бару керекпіз, оны мойындау керек – бөлшек саудадағы жанармай бағасын көтеру қажет, оның ішінде:
– АИ-92 и АИ-93 маркалы бензинге бағаны литріне 182-187 теңгеден 205 теңге қылу (өңірге байланысты), өсім – 11%;
– дизель отынының бағасын литріне – 295 теңгеге, орташа есеппен өсім – 20%. Қазір өңірге байланысты баға 230 теңгеден 260 теңгеге дейін болып тұр.
Осындай бұйрықтың жобасы бүгін жарияланатын болады, — деп хабарлады Энергетика министрі Болат Ақшолақов.