ҚР ЕХӘҚМ: Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады


Биыл 1 наурыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 129 кәсіпорнында 2,6 мың жұмыскердің алдында 564,9 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады.
Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 58 нұсқама беріліп, 11 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 1071-ден астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 442 млн. теңге төленді.