ҚР-да КВИ жұқтырған 93%-дан аса науқас амбулатория деңгейінде ем алуда

COVID-19 жұқтырған науқастардың 93%-дан аса бөлігі амбулатория деңгейінде ем алып жатыр, деп мәлімдеді бүгін ОСК-де өткен брифингте денсаулық сақтау вице-министрі В. Дудник.

«Коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылық өсуіне байланысты алғашқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдары фильтр кабинеттердің жұмысын, санитариялық-дизинфекциялық және эпидемологиялық режимді қамтамасыз ете отырып, қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр. Коронавирус инфекциясы диагнозы қойылған 93%-дан аса науқас амбулатория деңгейінде ем алып жатыр», – деді В. Дудник.

Сонымен қатар ол бүгінгі таңда КВИ-ге шалдыққандардың арасында негізінен аурудың жеңіл, симптомсыз өтіп жатқанын, инкубациялық ағымы қысқа, 2-ден 12 күнге дейін, орташа есеппен 2-4 күнге дейін созылатынын атап өтті.
«Негізінен дене қызуынан қалтырап-дірілдеу, әлі құрып, бастың қатты ауыруына шағымданады. Ал ауруы ауырлау өткен жағдайда нейротоксикоз, лектролит теңгерімінің бұзылатыны, гиповолемиялық есеңгіреу болатыны байқалады», – деп мәлімдеді вице-министр.

«Емханаларда коронавирус инфекциясымен ауырған пациенттерге қызуды түсіретін және антикоагулянт тізбегіндегі 5 түрлі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. Жіті респираторлы ауру белгілері бар немесе коронавирус инфекциясына шалдыққан не күдікті науқастың шақыруына барған кезде, ПТР әдісімнен биологиялық материалдардың үлгілері алынады», – деп түсіндірді вице-министр. Дәрілік заттар «СOVID-19 коронавирус инфекциясы» емдеу және диагностикалау клиникалық хаттамасына сәйкес тағайындалады. Қажет болған жағдайда дәрі-дәрмек науқастың үйіне жеткізіледі.
Коронавирус инфекциясы бар науқастарға медициналық көмек қызметін дер кезінде көрсету үшін алғашқы медициналық-санитариялық көмек деңгейінде КВИ-ге шалдыққан науқастарды бақылайтын 2380 мобильді бриагада ұйымдастырылған. Оның 1000 бригадасы ауылдық жерлерде. Бұған қоса резервте 1600-ден аса мобильді бригада бар.