QazVac — өзге вакциналармен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие
QazVac — вирустың дельта штамына да қарсы күресте өзге вакциналармен салыстырғанда бірқатар артықшылыққа ие. Отандық ғалымдардың зерттеуіне негізделген препарат адам ағзасында имунитеттің гуморальді және Т-жасушалы түрлерін қалыптастырады.
Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институтына арнайы барған «Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері отандық вакцина өндірісімен танысты. Нысан жыл соңына дейін 2 млн. доза вакцина өндіруді көздеп отыр.