«Qaragandy habary» газеті ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізеді

Ағымдағы жылдың 26 маусымынан бастап аумақтық сайлау комиссияларының негізгі іс—шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес облыста ауыл әкімдігіне кандидаттар ұсыну басталды.


Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдігіне кандидаттарына «Qaragandy habary» газеті ақпараттық-насихат жүргізуге алаң ұсынады.

— өзін—өзі ұсынуға;

— саяси партияларға өз мүшелерінің арасынан лайықты кандидаттарды ұсынуға;

— өңірлердің әкімдеріне, егер ұсыну мерзімінің соңына екіден кем үміткер ұсынылған жағдайда, кандидаттарды ұсынуға қатысу мүмкіндік беріледі.
Кандидат туралы ақпарат «Сайлау туралы» Конституциялық Заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін—өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабында және мемлекеттік қызмет туралы заңнамада көзделген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
Бір адам сол бір аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі болып қатарынан екі реттен артық сайлауға түсе алмайды.

«Qaragandy habary» газеті ақпараттық-насихат жүргізу үшін газеттің 1-бетінде жарияланатын ақпарат шаршы метрі — 120 теңге, келесі беттерде шаршы метрі 100 теңге. Ал газеттің www.qaragandyhabary.kz сайтына жарияланатын жарнамалық ақпараттың әр белгісі 2 теңгеден.

Редакция