Президенттің Жарлығымен ҚХА атынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабының 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып:
Евгений Андреевич Больгерт;
Закиржан Пирмухамедович Кузиев;
Нурия Исмагиловна Ниязова;
Алишер Гапиржанович Сатвалдиев;
Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.