Президент жолдауының желісімен

Үстіміздегі жылдың 1 қыркүйегінде өткен Парламенттің кезекті сессиясында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Жолдаудың басты бағыты, мақсаты – әділетті Қазақстан орнату және ел бірлігін арттыру.

Қасиетті қазақ халқының тереңдегі тарих толқынында тамыр таратқан дала заңдары мен Жеті жарғысы барлық халықтың татулық пен теңдігін, ынтымағы мен бірлігін мақсат тұтқан.

Мемлекет басшысының заңнамаларға негізделген елеулі еңбектері демократиямыздың дәйекті дамуына дәнекер бола отырып, жаһандық қаржылық сипат алған дағдарысты және басқа да тығырыққа тірелген тұстарды еңсеруде халықаралық деңгейдегі таптырмайтын тәжірибе болып саналуда.

Жолдауда әділеттілікке жетудің кезекті қадамдары нақты айтылып, белгіленді. Нақты қағиданың бірі – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қалыптастыру. Халық – қазына, халық – тарих, халық – ауыз әдебиеті, халық – қолөнер.

Яғни Ата заңымызда көрсетілгендей, мемлекеттің ең бірінші байлығы – азамат және оның құқықтары мен бостандықтары.

Өзінің егемендігіне еңбекпен еңбектеп жетіп, қазіргі таңда еңселі, әлемге әйгілі, елеулі мемлекет ретінде орын алған Қазақстан Республикасының ендігі мақсаттарының бірі – «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын құру. Ынтымақтастық, билік пен қоғам серіктестігі, бірігуі.

Жолдаудың барлық бағытын алатын болсақ, онда еліміз бен жеріміздің тұтастығы, дамуы, Отанымыздың бейбітшілігі, «Қайғылы қаңтардың» қайталанбауы көзделген.

Жолдаудың болашағы – арманы мен аңсары аласармаған әділетті Қазақстанды төрткүл дүние түгел танып, өркениетті елдермен иықтасып, іргелі мемлекет дәрежесіне көтеру.

Түсіпбаева Ж.,

Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының аға прокуроры