Президент Жарлығы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бірнеше мақсатты жүктеп отыр

Президент Жарлығы Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне бірнеше мақсатты жүктеп отыр. Ол алдымен – «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінің базасында мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толықтай цифрландыруды, сондай-ақ оны барлық мемлекеттік органдарда енгізуді және кеңінен таратуды қамтамасыз ету. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Берік Беркімбаев хабарлады.