Полицияда – жаңа бастық
Қарағанды қалалық полиция басқармасының бастығы өзгерді. Бұл лауазымға Ішкі істер министрлігінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі бұйрығы бойынша полиция полковнигі Салин Шахназар Абдашимұлы тағайындалды.
Шахназар Салин ішкі істер органдарында 1996 жылдың тамыз айынан бастап қызмет атқарады. 2000 жылы ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы заң институтын тәмамдаған. Осы тағайындауға дейін Қарағанды қаласының ПБ бастығының орынбасары лауазымын атқарған.
Өз тілшімізден