Поэзия кеші өтеді

Былтыр Қарағанды қаласында ашық аспан астындағы жыр кештері ұйымдастырылып, оқырман қауым үшін ерекше жағдай жасалған-ды. Бұл үрдіс биыл да жалғаспақ. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Жанат Жаңқашұлы хабарлады.

– Былтыр дүркіретіп едік. Биыл тағы да бастағалы отырмыз. Саябақ демалушылары ән мен жыр тыңдап жан рақатына бөленбек. Қарағандының дүлдүл ақындары, бұлбұл әншілері 15 шілде күні Орталық саябаққа шақырады сіздерді! – деді Жанат Жаңқашұлы.

Жыр кеші 15 шілде күні сағат 17:00-де Орталық саябақтағы сахнада өтеді. Тағылымды шараны ұйымдастыруға Қарағанды қаласы әкімдігі қолдау көрсеткен.

Өз тілшімізден