Персоналды басқару қызметкерлерімен семинар-жиналыс өткізілді

✅Департамент басшысы Е.Жолданғар өңірлік мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметкерлерімен кездесу өткізді.
✅Жиын барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулар назарға жеткізілді.
✅Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдау қажеттілігі айтылып, қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар және ұсыныстар берілді.
✅Кездесуді қорытындылай келе, қатысушыларға мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын бұлжытпай орындауға және мемлекеттік қызметшілермен қабылданған шектеулердің сақталуын қамтамасыз етуге шақырды.