«Парыз. Құрмет. Отан»

Жақында «Парыз. Құрмет. Отан» тақырыбында «Ташкент-Қарағанды-Кант» халықаралық телекөпірі өтті.

Телекөпірді Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясы тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойына арнап ұйымдастырды.

Телекөпірге 30 жылдық тәуелсіздігін атап өткен бауырлас Өзбекстаннан Ташкент қаласындағы Ташкент мемлекеттік университеті (Мухамеджанова Вера Авроровна – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, студенттер Рустамов Илес, Зарифов Акрамджан), Қырғызстаннан Кант қаласы С.Тентишев атындағы Азия медицина институты (Серенова Астра Аскеровна, Осмонбаева Мадина Тавалдиевна – ағылшын тілі оқытушысы, студенттер Жамгырчиева Адеми, Аббасов Умит) және Қазақстаннан Қарағанды қаласындағы Орталық Қазақстан академиясы (Тлеубекова Ботакөз Тургамбаевна – ұйымдастыру және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректор, ф.ғ.к., доцент, студенттер Земцова Кристина, Жумабаев Арнур, Махмуджонова Дильфузахон) қатысты.

Телекөпір әңгіме, пікірталас, ойын сәттері элементтерімен өтті. Студенттер ұлттық құндылықтар, баланың туылуы мен тәрбиесіне байланысты дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, сондай-ақ халықтық музыкалық аспап туралы мәселелерді қозғады. Телекөпір барысында студенттердің баяндамалары тыңдалып, презентациялық материалдар мен бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу іс-шараны қорытындылаумен аяқталды, онда студенттер олардың ортақ, атап айтқанда, білім, ғылым және олардың достығы ортақ екенін атап өтті.