Пайызсыз кредиттер – алаяқтардың жаңа қақпаны
Абайлаңыздар, кредиттік алаяқтар Telegram-да кеңінен таралып кетті! Олар өз арналарын белсенді түрде жүргізіп, «Біздің компания бүгінде ақшаға мұқтаж адамдардың бәріне көмек көрсетуге дайын», «Сіз ресми түрде жұмыс істемейтін болсаңыз да, сізге кредиттің берілетіне кепілдік береміз», «Кредит ресімдеген адамдардың барлығына ай сайынғы 1 төлемін жауып береміз» тәрізді жарнамалық жазбаларды күн сайын жариялайды.
Fingramota.kz Қазақстанда кредиттерді ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің лицензиясы бар кредиттік ұйымдардың ғана бере алатыны туралы еске салады!
Telegram-дағы алаяқтықтың схемасы
Телеграм арнасындағы жалған компаниялардың бірі қолданатын алдау схемасына мысал келтірейік. Ол жеке инвесторлар беретін «пайызсыз» кредиттер туралы жарнаманы орналастырады, сондай-ақ 10 млн теңгеге дейінгі қарыздың 10 жыл мерзіміне берілетінін атап көрсетеді. Бұл ретте, олардың ақпаратына сәйкес тіпті ол адамның ресми жұмысы болмайтын жағдайдың өзінде кредит 18 жастан асқан барлық адамға беріледі. Тіпті алаяқтар олардың компаниясының қызметтерін пайдаланудың қауіпсіз екендігіне де кепілдік береді.
Пайдаланушы арнаға қосылған уақытта алаяқтар өздерінің базасына оның профилінің деректерін автоматты түрде енгізеді және өзінің болашақ құрбанымен енді Telegram арқылы не Whats App желісінің көмегімен хат-хабар алмасуды жалғастырады, мұнда жойылып кететін хабарлар режимі болады. Сондай-ақ, жалған нөмірлер мен мемлекеттік тіркеу туралы жалған куәліктер қолданылады.
Адамды «барлық жағынан тиімді» кредит алуға көндіргеннен кейін, қаскүнемдер оған өтінімді толтыру қажет сайтқа сілтеме жібереді, сондай-ақ «риза болған клиенттер» мен «нақты адамдардың» пікірлерін-мыс олардың телеграмм-арнасында қарауды ұсынады. Неғұрлым сенімдірек болу үшін алаяқтар өздерінің Telegram парақшасында қарыз алушының жеке куәлігін көрсете отырып, қарызды ресімдеу процесіне бейнежазба орналастырады.
Содан кейін алаяқтар құрбанына өтінім мақұлданғанын және көлемі 30 000 теңгеден басталатын кредитті ресімдеу үшін комиссия төлеу қажет екенін хабарлайды. Кредитті рәсімдеу рәсімін аяқтау үшін қарыз алушы қосымша тіркеуден өтіп, тағы бірнеше қызмет үшін ақы төлеуі керек: ақшаны автоматты түрде аудару, шотты іске қосу, банк ұяшығын жалға алу.
Сонымен қатар, алаяқтар оларды анықтау мүмкіндігі болмауы үшін үшінші тұлғаның картасына аударуды сұрайды. Құрбан болған адам барлық төлемдерді жасағаннан кейін, қаскүнемдер «ақша аударуға» уақыт сұрайды. Бірақ алданған қарыз алушымен болашақта өзара әрекеттесу толығымен тоқтатылады.
Маңызды! Егер сіз осындай алаяқтық схемалардың қатысушысы болсаңыз және қаскүнемдердің әрекетінен зардап шеккен болсаңыз, онда сіз дереу тұрғылықты жеріңіздегі полиция бөлімшесіне және банкке өз шоттарыңыз бен карточкаларыңызды бұғаттау үшін хабарласуыңыз керек!
TELEGRAM-да жалған кредиттердің берілуіне қатысты
АЛАЯҚТЫҚ СХЕМАСЫ
Тіркелмеген әрі ауыстырылған телефон нөмірлері арқылы өзара іс-қимыл жасау, алаяқтардың жалған куәліктер мен лицензияларды пайдалануы |
Аталған көрсетілетін қызметтердің төлемін жүргізу үшін алаяқтар құрбанға үшінші тұлғаның төлем картасының деректемелерін береді |
Жеке инвесторлар тиімді шарттармен берілетін кредитке қатысты жариялайтын хабарландыруларға қызығушылық танытушылардың арасынан құрбандарды іздеу. Әлеуметтік желілердегі мессенджерлерде «клиенттердің» компанияның көрсетілетін қызметтері жайында жалған оң пікірлерін орналастыру
|
Әлеуметтік желілерде жарнама орналастыру
|
Зардап шеккен адамның ақшасын алғаннан кейін алаяқтар онымен байланысты тоқтатады |
Жалған көрсетілетін қызметтер үшін комиссиялардың төлемін талап ету: ақшаны автоматты түрде аудару, шотты белсендіру, банк ұяшықтарын жалға алу және басқасы |
Кредиттік алаяқтардан қорғану қағидалары:
Есіңізде болсын! Банктер мен микроқаржы ұйымдары үшінші тұлғалар мен делдалдардан банктік қарыздар/микрокредиттер беруге өтінімдер қабылдамайды. Кредитке өтінімді тек қарыз алушының өзі береді!
WhatsApp, Telegram, Viber және басқа да мессенджерлер арқылы бөгде адамдарға өзіңіз және картаңыз туралы ақпаратты, парольдерді, логиндерді, кодтар мен басқа да жеке деректеріңізді бермеңіз.
Фишингтік сілтемелерге кірмеңіз және сіздің құрылғыңызға қашықтан кіруге мүмкіндік беретін қосымшаларды (AnyDesk, TeamViewer) жазып алмаңыз.
Қаржы нарығында қызметті жүзеге асыруға рұқсат беретін құжаттары жоқ тұлғалардан қарыз қаражатын алуға тырыспаңыз. Кредит берушінің тіркеу деректерін, рұқсат беретін құжаттарының болуын тексеріңіз.
Маңызды! Кредитордың қазақстандық қаржы нарығында заңды түрде жұмыс істейтінін немесе жұмыс істемейтінін реттеушінің www.gov.kz интернет-ресурсында «Қаржы нарықтары» бөлімінде тексеруге не «Fingramota Online» мобильді қосымшасы немесе «1459» нөмірі бойынша Call-орталыққа қоңырау шалу арқылы Агенттікке жүгінуге болады.