ОтарБиоФарм зауыты өндіріс қуатын арттырады
Жамбыл облысындағы Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми зерттеу институты жанынан құрылған ОтарБиоФарм зауыты өндіріс қуатын арттырады.
Қазіргі таңда отандық QazVac вакцинасының екі компонентімен 300 мыңнан астам тұрғын екпе алған.
«Ел үшін егілемін» азаматтық штабының өкілдері зауыттың мүмкіндіктерімен танысты. Мамандар нысан жылына 60 млн.доза вакцина өндіруге қауқарлы екенін айтады.