Отан қорғаушылар

Әскери қызметке дайынмын, шағымым жоқ. Қарағанды ​​облысында азаматтарды әскерге шақыру жобасын іске асыру аясында республикалық акция бастау алды. Бұл жолы өңірден 32 жас жігіт әскерге шақыртылып, Отан алдындағы борышын өтеуге бара жатқан жігіттерге, естелік сыйлықтар тарту етілді.

Қарағандыда «Мәңгілік алау» мемориалында ата-аналар, мектеп оқушылары, «Жас сарбаз» қозғалысының жасақтары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің қатысуымен әскерге шақырылғандардың салтанатты шерулері өтті. 30-дан астам қарағандылық Астана қаласындағы 68665 әскери бөлімінің арнайы жасақ бригадасына қызметке жіберілді. Жалпы, күзгі шақыру кезінде Қазақстан Қарулы Күштері қатарына Қарағанды ​​облысынан 1100-ге жуық мерзімді әскери қызметші жіберіледі.

– Сіздерді осындай айтулы оқиға – әскери қызметке жіберілулеріңізбен құттықтаймын! Армия — бұл ерліктің бейнесі деп бекер айтпаған. Өңіріміздің жас тұрғындары өздеріне жүктелген міндеттерді абыроймен орындап, әскери тәртіп пен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетеді деп сенемін, – деді Қарағанды ​​облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Жанас Құнанбаев.

Концерттік бағдарламадан кейін «Жас сарбаз» қозғалысының жасақтары әскерге шақырылғандарға естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ Мәңгілік алау алдындағы алаңда әскери техника, қару-жарақ үлгілері мен әскери киімдер көрмесі ұйымдастырылды. Облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары, полковник Дмитрий Буксманның айтуынша, денсаулық жағдайын тексеру және әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында әскерге шақырылғандарды аудандық және облыстық медициналық комиссиялар тексереді.

– Жастардың денсаулық жағдайы мен мамандығы ескерілгендіктен, мамандығы бар жастарда әскерге шақырылған, жасы келген жастарда әскер қатарына жіберіледі. Математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттердің түлектері Әуе қорғанысы күштері мен Әскери-теңіз күштеріне қабылданады. Әскери-десанттық әскерлерді жасақтау үшін жалпы орта білімі бар, физикалық дамуы жақсы әскерге шақырылушылар бірінші кезекте спортшылар арасынан іріктеліп алынады, – дейді полковник Дмитрий Буксман.

Қазіргі таңда әскерде әскери борышын өтеуге барлық қолайлы жағдай жасалған. Әскери ортада құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жеке құраммен жұмыс істеудің жаңа тәсілдері енгізілді. Барлық бөлімшелерде бейнебақылау жүйесі орнатылып, жүйелі түрде социологиялық сауалнамалар жүргізіліп, психологтар жұмыс істейді. Уақытша әскери қызмет өткеру кезеңінде әскери қызметшілер азық-түлікпен, жеке мүлікпен, медициналық көмекпен және күнкөріс құралдарымен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысы мiндеттi әскери қызметтiң тартымдылығы мен беделiн арттыру мақсатында ағымдағы жылы бiлiм беру саласындағы жеңiлдiктердi, жоғары оқу орындарына ҰБТ-дан өтпей оқуға қабылдауды, белгiленген мерзiмiн өтеген азаматтарды басымдықпен орналастыруды, сондай-ақ заңнамалық тұрғыдан бекiткен несиелік демалыстарды беру ретінде, қабылданған өзгерістерге сәйкес, қаржылық міндеттемелерді төлеу мерзімін ұзарту қызмет көрсетудің тікелей мерзімін және несиелік комиссия алынбай, ол аяқталғаннан кейін 60 күнді қамтиды.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА, «QH»