Қос президенттің таңғаларлық тағдыры

Адам бостандығын бәрінен жоғары қойып, ақ және қара нәсілділердің теңдігі үшін күрескен АҚШ президенттері Гиннес рекордтар кітабына өмірдегі таңғаларлық сәйкестіктері үшін енген.

Авраам Линкольн 1860 жылы АҚШ президенті болып сайланады. Арада тұп-тура 100 жыл өткен соң, 1960 жылы, бұл орынға Джон Кеннеди отырады.

Линкольнның досы әрі үзеңгілесі – Иллинойс штатынан шыққан демократ Эдлай Эвинг Стивенсон. Кеннедидің де жақын досы әрі үзеңгілесінің есімі – Эдлай Эвинг Стивенсон. Ол да – Иллинойс штатының тумасы.

Екі президент те желкеден атылған оқтан жұма күні қайтыс болған.

Линкольнды өлтірген қылмыскер 1839 жылы туған болса, Кеннедиді өлтірген адам 1939 жылғы. Олардың екеуі де әкелерінен жастай жетім қалып, жағдайы төмен отбасында тәрбие алған. Екеуі де сотқа бір күн қалғанда белгісіз жағдайда қаза тапқан.

Екі қылмыскерді ұстаған полицейлердің тегі – Бейкер.

Линкольн «Форд» театрында өлтірілді. Ал Кеннедиге қастандық «Форд Мотор Компани» өндірген «Линкольн» кабриолетімен келе жатқан кезде жасалды