ҰОС ардагерлеріне 9 Мамырға қарай Қарағанды облысында 2 млн теңгеден төленеді
Бүгінгі таңда Қарағанды облысында 12 ҰОС ардагері тұрады. Олардың барлығы Жеңіс күніне орай 2 млн теңгеден алады.
Сондай-ақ жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша ҰОС қатысушылары мен мүгедектері санатына 3 219 адам теңестірілді. Оның арасында Ленинград блокадасында болған 10 адам, концлагерьде тұтқында болған 34 адам, қайтыс болған ҰОСҚ мен ҰОСМ-ның 135 әйелі және 3 040 тыл еңбеккері бар.
Біржолғы материалдық төлем келесі санаттағы азаматтарға қарастырылған:
– концлагерь тұтқындарына 200 мың теңгеден;
– ҰОС жылдарында қаза тапқандардың (қайтыс болғандардың) жесірлері мен әйелдеріне 50 мың теңгеден;
– қоршаудағы Ленинград тұрғындарына 200 мың теңгеден;
– «ҰОС жылдарындағы қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталған тыл еңбеккерлеріне 100 мың теңгеден;
– 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейін кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталмаған адамдарға 100 мың теңгеден.
Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының бюджетінен Жеңіс күнін мерекелеу қарсаңында жалпы 3 231 адам төлем алады.
Облыс өңірлерінде ҰОС ардагерлері шағын және орта бизнес объектілеріне бекітілді.
9 Мамыр қарсаңында ардагерлерге бюджеттен тыс көздерден де материалдық көмек төлеу жоспарлануда. Қайырымдылық акциялары да қарастырылған.
Қарағанды облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ақпараты бойынша