«Омикрон» штамы бойынша

Денсаулық сақтау министрлігі тұрақты негізде коронавирустық инфекция штамдарының айналымдағы нұсқаларына мониторингті жүзеге асырады.

Мәселен, коронавирустың «Омикрон» штамының жаңа нұсқасының пайда болуын ескере отырып, Алматы қаласында коронавирустың «Омикрон» штамының нұсқасына тән мутацияның болуына алдын ала ПТР скринингі жүргізілді.

Коронавирустың «Омикрон» штамы нұсқасының айналымы анықталған жоқ.

ҚР барлық өңірлерінде алынған оң сынамалардың үлгілерін толық геномдық секвенирлеу жалғасуда.

©Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі