️»Омикрон» КВИ жаңа штаммы несімен қауіпті?



-«Омикрон» вирусының таралуы «дельта» штамға қарағанда 5 есе жоғары. ДДСҰ мәліметі бойынша, инфекцияның саны әр 2-3 күн сайын екі есе артып отырады. Оның мұндай жылдамдықпен таралуы әсерінен әлемдегі жағдай бір аптадан кейін 8 есе, ал екі аптадан кейін 40 есеге нашарлауы мүмкін.

Әлемде КВИ-дің 275 миллионнан астам жағдайы тіркелген, тәулігіне 500 мыңнан астам науқас анықталады, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды. «Омикрон» әлемнің 126 еліне таралды.

Коронавирустың жаңа штаммы Қазақстанға қалай әсер етті?

-Жыл басынан бері COVID-19 инфекциясы расталған 16 000-нан астам жағдай тіркелді. Соңғы 7 күнде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың өсуі барлық өңірлерде байқалады, бұл «Омикрон» жаңа штамымен байланысты.

😷»Омикрон» штамынан қалай қорғануға болады?

— Коронавирустық инфекцияның басқа түрлерімен салыстырғанда, Омикрон 20-30 жас аралығындағы адамдарға қауіп төндіреді, сонымен қатар КВИ-ді қайта жұқтыру қаупі де байқалды.

Ауру белгілері: шаршау, бас ауруы, дене температурасының жоғарылауы.

💉Бүкіл әлем мамандары, КВИ-ді жеңудің жалғыз жолы вакцинация екенін айтады. Жаңа штамдардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін ұжымдық иммунитеттің қажетті деңгейіне жету маңызды.

COVID-19-дың алғашқы белгілері пайда болған кезде үйде болып, медициналық көмекке жүгініңіз.

☝️Жақындарыңызға қауіп төндірмеңіз, қарым-қатынас үшін заманауи байланыс құралдарын қолданыңыз.