«Омикрон» КВИ пациенттеріне медициналық көмек көрсетуге дайындық туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың күрт өсуіне байланысты халықты вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігі туралы еске салады.
Омикронның 110-нан астам елде тез таралуы оның жоғары жұқпалы екенін көрсетеді. Омикронның инкубациялық кезеңі тек 2 күнді құрайды. Маска режимін сақтауды, ұжымдық іс-шараларға және халық көп жиналатын орындарға бармауды ұсынамыз.
Өңірде алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында COVID-19 бар пациенттерді бақылау бойынша мобильді бригадалар жұмыс істейді, стационарлық көмек деңгейінде инфекциялық төсектер орналастырылған, жедел медициналық көмек бригадалары жұмыс істейді. Дәріханалар мен дәріхана қоймаларында дәрі-дәрмектердің жеткілікті қоры бар.
Сонымен бірге, бүгінгі күні КВИ-ға қарсы нақты дәрілік зат жоқ, сондықтан әзірге КВИ-мен күресудің жалғыз тиімді әдісі оның вакцинация арқылы алдын-алу болып табылады.
Әсіресе созылмалы аурулардың, сәйкесінше әлсіз иммунитеттің болуын ескере отыра егде жастағы адамдарды вакцинациялау өте маңызды. 65 жастан асқан адамдарда КВИ ауыр түрінде өтеді және көп жағдайларда өлімге әкеледі (өлімнің 86% — ы осы жас тобына келеді). Сондықтан вакцинациялау біздің аға буын үшін аурудың алдын-алудың ақылға қонымды және тиімді шарасы болып табылады.