Қолжетімді интернет

Өңіріміздің ең шалғай елдімекендерінде де интернет тұрақты болуы тиіс. Қарағанды ​​облысында ғаламтордың жоғары жылдамдығына қол жеткізу мәселесі қарастырылуда. Бүгінде ауылдық елдімекендердің 91 пайызы интернетпен қамтамасыз етілген. Облыс орталығында ұялы байланыстың бесінші деңгейлік базалық станциялары сынақ режимінде орнатылуда.

2023 жылы қабылданған «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасын іске асыру және IT саласын дамытудың басым бағыттары бар. Бүгінгі таңда Қарағанды облысындағы 342 ауылдық елді мекеннің 219-ы интернетпен қамтамасыз етілген, бұл қажеттіліктің 91%-ын құрайды. Спутниктік байланысты орнатудың арқасында 8 000 бала білім беру ресурстарына сапалы қол жеткізді. Жыл соңына дейін Қарқаралы және Ақтоғай аудандарындағы тағы 13 ауылына 4G мобильді интернеті тартылып, тағы 3 000 тұрғын ғаламтор байланысына қиындықсыз қосыла алатыны айтылды.

– Желімен толыққанды жабдықтаудағы біздің даму жоспарымыз – «Билайн» компаниясымен белсенді әріптестік байланыстамыз. Біздің Қарағанды өңірінде аталмыш компания бекітілген, – деді Ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Константин Ильницкий.

Білім беру ұйымдарын интернетпен қамтамасыз ету үшін биыл 106 мектеп старлинк жоғары жылдамдықты интернетке қосылып, сол арқылы 8 000 бала сапалы ресурсқа қол жеткізді. Алайда бұл уақытша шешім, дейді басқарма басшысы. Уақыт өте мектептерге талшықты оптикалық кабель тарту жоспарда бар. Ол арзан әрі тұрақты екені аталып өтілді. Жалпы «Қолжетімді интернет» жобасы аясында биыл екі шара қолға алынған.

– Бірінші шара бойынша келесі жыл соңына дейін, республикалық және облыстық автожолдар бойында 5G интернетпен қамтамасыз ету үшін 14 антенна-діңгек құрылысы жүргізіледі. Атап айсақ, Астана – Алматы, Қарағанды – Аягөз, Қарағанды – Баянауыл, Қарағанды – Павлодар, Теміртау – Нұра және Ақшатау – Ақадыр тас жолдары бойында орнатылады. Құрылыс жұмыстары республикалық қазынадан субсидияланады, бөлінеді. Бүгінгі таңда 7 антенна діңгек құрылысы бойынша жобалық сметалық құжат әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы берілді. Қалған 7 антенна құрылысы бойынша жобалық құжаттаманы жыл соңына дейін даярлау көзделіп отыр, – деді Константин Ильницкий.

Ал екінші шара бойынша Қарағанды қаласында бесінші буын мобильді байланысы енгізілуде. Бүгінде қала бойынша 43 базалық станция орнатылған. Алдағы жылдың соңына дейін тағы 15 антеннаны орнату көзделіп отыр. Олар сынақ режимінде жұмыс істейді, деді спикер. Жалпы «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бойынша алдағы жылдарға ауқымды жұмыс жоспарланған. Сайып келгенде 2027 жылдың соңына дейін облыстың 168 ауылына талшықты-оптикалық кабель тарту жоспарлануда. Бұл 59 мыңнан астам ауыл тұрғындары үшін интернетке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Алқалы кеңес отырысында аудан қала әкімдері ғаламтор сапасына қатысты келеңсіз мәселелерін айтты. Ермағанбет Бөлекпаев туристік аймақтарда – Балқаш пен Қарқаралы қалаларында сапалы интернет мәселесін шешуді жеделдетуді тапсырды. Сондай-ақ, трассалар бойында антенна-діңгек құрылыстарын орнату үшін ЖСҚ әзірлеуді тездетіп аяқтау қажеттігін атап өтті.

Айдын ЖОЛҚҰТТЫТЕГІ,                                    

«QH»