Облысымызда жаңа жылдан бастап виртуалды балабақша іске қосылмақ
Қарағанды облысы елімізде бірінші болып «Sabidamu виртуалды балабақшасы» онлайн-платформасын іске қосады. Бұл ата-аналарға балаларын пайдалы іспен айналысуға ғана емес, сонымен қатар ерте дамуға көмектесетін сапалы әдістемелік материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл туралы педагогтардың өңірлік тамыз кеңесінде мәлім болды.
Балабақшаға бармайтын балалардың ата-аналарына көмектесу үшін жасына байланысты тәрбие жұмысына арналған бейне, аудио, ертегілер, тесттер, түрлі тапсырма мен материалдары бар веб-нұсқа мен мобильді қосымша әзірленуде.
– Бұл платформа балабақшаға бармайтын балаларға арналған. Жүйе балалардың белгілі бір жасына сәйкес әртүрлі контент әзірлейді. Балабақшаларда жинақталған тәжірибені онлайн форматқа аударамыз. Сондай-ақ, біз логопедтердің, психологтардың жұмысын автоматтандырғымыз келеді. Ата-аналар сұрақтар қоя алады, – деді SabiDamu платформасын әзірлеумен айналысатын «Өрлеу» компаниясының басшысы Фарида Ақшолақова.
Виртуалды балабақша жаңа жылдан бастап іске қосулуы тиіс. Қарағанды облысында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту өсуде. Өткен жылмен салыстырғанда ол 82,6-дан 84%-ға дейін өсті. Биыл 1 107 орын ашылды. Өңірдің 404 мектепке дейінгі ұйымында 35 мыңнан астам бала дамуда.
– Мектепке дейінгі орындарды қамтамасыз ету көп жағдайда жеке инвестицияларды тарту есебінен шешіледі. Жаңа орындардың жалпы санының 72%-ы жеке ұйымдарда ашық, – деді Білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова. – Жаңа орындарға қажеттілікті қамтамасыз етуді шешу үшін үлгілік мемлекеттік балабақшалар салу талап етіледі. Әсіресе, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны 8 мыңнан асатын Қарағандыда.
Қарағандыда алты жекеменшік балабақша, Қарағанды мен Приозерск қалаларында екі мемлекеттік балабақша салу жоспарлануда. Сондай-ақ, Гүлбақыт Жүнісова бұрынғы Теміртау Денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында 200 орындық балабақша ашуға мүмкіндік бар екенін атап өтті. Қазір ғимаратты білім басқармасының балансына беру рәсімдері жүріп жатыр.
– Біз 2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды сапалы мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру бойынша белсенді жұмыс істеуіміз керек. Бұл басты міндет. Біз жеке сектормен ынтымақтастықта, жеке балабақшалардың ашылуында үлкен әлеует көріп отырмыз, – деп атап өтті Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Құралай КӨБЕНОВА, «QH»