ОБЛЫСТА САНАҚТЫҢ ДАЙЫНДЫҚ КЕЗЕҢІ АЯҚТАЛДЫ
Қарағанды облысында халық санағының тұрғынүйлер және тұрғын емес үй-жайлар тізімін қалыптастыру бойынша дайындық кезеңі аяқталды. Ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап әр елді мекенде халық санағының интервьюерлері халық тұратын тұрғын және тұрғын емес үйжайларды аралау жүргізді, мекенжай деректері нақтылады және өңделді және елді мекендердің картографиялық материалдары өзектендірілді.
Алынған деректер «Аудандастыру» автоматтандырылған жұмыс орнының және «Планшетте деректерді жинау» мобильді қосымшаның көмегі арқылы жинау және өңдеу жүргізіледі. Жұмыстар ағымдағы жылдың 30 маусымына дейін жүргізілді.
Қарағанды облысында жұмыстарды жүргізу үшін 66 нұсқаушы-бақылаушы және 486 интервьюер тартылды Уақытша санақ персоналы жиналған ақпаратты жинау үшін планшеттегі арнайы мобильді қосымшада жұмыс жасау бойынша оқудан өтті. Санақ персоналы жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Дала жұмыстары кезінде санақ қызметкерлерінің қауіпсіздігін жергілікті полиция қамтамасыз етті.
Дайындық кезеңінің қорытындысы бойынша аудандастыру өткізіледі, яғни 2021 жылғы қыркүйекқазанда негізгі халық санағын өткізу үшін облыстың аумағын нұсқаулық және есептік учаскелерге бөлу.
ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.