Облыс шылымқорлары көп аймақтар үштігіне енді
Қарағанды облысының тұрғындары көк түтінді будақтатудан алдына жан салмай келеді. Кенді өлкеде темекі шегуде де, қорқор тұтынуда да алдыңғы орында. Облыс тұрғындарының 10%- ға жуығын шылым шегетіндер санатында дейді energyprom.kz. порталы. Қарағанды облысының алдында тек Алматы мен Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Айта кету керек, сауалнама республиканың 5,5 миллион азаматының арасында жүргізілді, олардың миллионнан астамы темекі шексе 200 мыңға жуығы қорқорға құмартатынын жасырмаған. Елде темекі шегетін ер адамдар әйелдерге қарағанда үш есе көп. Егер Қарағанды облысы бойынша алатын болсақ, мұнда 92,4 мың адам темекіге, ал 21,2 мың адам кальян шегуге құмар.
Статистикаға сәйкес, 100 қазақстандықтың 7-і тәулігіне 25-тен астам темекіні шегіп тастайды. Темекі қорабында 20 дана темекі бар екенін ескерсек, бұл өте қорқынышты тенденсия. Ал, сарапшылар соңғы уақытта темекі бағасының өсуін де атап өтті, бұл шамамен өткен жылмен салыстырғанда16 пайызға артқан.
Зерттеу бойынша темекі түтінінде 5 мыңға жуық химиялық зат бар, олардың 200-і улы заттарға, ал 50-і — қатерлі ісікке әкелетін заттарға жатады. Темекі түтінінде болатын кейбір заттардың біздің ағзамызға қаншалықты әсер ететіндігіне тоқталайық.
— Көміртек тотығы — дәмі мен иісі жоқ уландырғыш газ, оны көп мөлшерде тұтыну зиян. Бұл газ көліктің түтін шығатын құбырынан да шығады.
— Мышьяк — егеуқұйрық уы.
— Цианисті суттегі – ол да у, оны кезінде фашистік концлагерлердің камераларында пайдаланылған газды зат.
— Аммиак — дәретхана тазалау үшін пайдаланылатын зат.
— Ацетон — бұл сұйық зат, қазір оны лак тазартқыш ретінде қолданатыны белгілі.
— Формальдегид — көзге көрінбейтін денелерді бояу үшін пайдаланылатын түссіз, иісі күшті газ дезинфекциялаушы және бактерицидтік агент ретінде де қолданылады.
— Тар немесе шайыр: ингаляциядан кейін денеде темекі түтіні қалыңдайды, ал бұл түтіннің 70 пайызы өкпенің ұлпасына зақым келтіретін жабысқақ масса түріндегі көміртегі түрінде сақталады.
— Пиридин — иттердің бүргелерін кетіру үшін қолданылатын зат.
— Никотин — темекіге тәуелді ететін зат; ол жүрек соғу жылдамдығын арттырады және ағзадағы қан мен оттегінің ағымын азайтады.
Темекі түтінде болатын бензопирен мен нитрозаминдердің өкпенің қатерлі ісігін тудыратынын да қосуға болады; хош иісті аминдер кеуде ісігін тудырады; формальдегид мұрын қуысының қатерлі ісігін тудырады; бензин қосылыстары лейкемияны тудырады.
Өз тілшімізден