Оқу үрдісі қалай жалғасады?

Мектеп оқушылары мен студенттер карантиндік шектеулер кезінде қалай оқитыны туралы Облыстық білім басқармасы хабарлады.

– Үшінші тоқсанда облыс бойынша оқыту келесі форматта ұйымдастырылады: облыстағы 366 мектеп штаттық форматта оқитын болады. Мұның барлығы – ауыл мектептері және қалалар мен аудан орталықтарындағы контингенті 600 оқушыға дейінгі мектептер. Штаттық форматта барлық мамандандырылған мектеп-интернаттар, арнайы мектептер және барлық жеке мектептер оқитын болады. Балалар саны 600-ден асатын 130 мектепте оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:

1-2 сынып оқушылары штаттық режимде, 3-5 сынып оқушылары кезекші сыныптарда, 6-11 сынып оқушылары қашықтан оқиды. Қосымша білім беру ұйымдарындағы оқыту штаттық режимде жалғасады. Жеке сабақтар, 10 адамға дейін топтық сабақтарды да офлайн өткізуге рұқсат беріледі. Бұл ретте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету орталықтарында 8 адамға дейін жеке және топтық сабақтар штаттық режимде өткізіледі. 8 және одан да көп адам офлайнформатта, – деп түсіндірді Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бақтыгүл Әдекенова.

Оқушыларды қашықтан оқыту екі платформада жүргізіледі: Bilimal және Edypage.

– Бізде қашықтан оқыту форматында жұмыс тәжірибесі бар, – деді Б.Әдекенова. – Мұғалімдер бұрын цифрлық сауаттылық курстарынан өтіп, өз жұмыстарын онлайн режимде жетілдіруді жалғастыруда. Облыстың компьютерлік базасы 65 мыңнан астам бірлікті құрайды. Қашықтан оқыту форматына көшу кезінде көмек көрсету және уақытша пайдалануға беру мүмкіндігі де бар.

Құрметті ата-аналар, компьютерге немесе ноутбукқа, сондай-ақ интернетке қатысты қажеттілік туындаған жағдайда, мектеп басшылығына немесе аудандық білім беру бөлімдеріне жүгіне аласыздар. Онда осы мәселелерді шешуге міндетті түрде көмектеседі.

24 қаңтар күні 67 колледжде 38 мыңнан астам студент оқуын жалғастырады. Олар аралас оқыту форматында оқиды. Дәрістер онлайн режимде, ал практикалық сабақтар оқу орындарында ұйымдастырылған кесте бойынша өтеді.

– Білім беру ұйымдары мен студенттік жатақханалар санитарлық құралдармен қам-тамасыз етілген. Қатаң режимде санитарлық-дезинфекциялық және маска режимі әрі әлеуметтік қашықтық сақталады. Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер және ата-аналар үшін «Ashyq» жүйесі орнатылған, – деп түсіндірді Б.Әдекенова.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН