Қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастады – Ерлан Қарин

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі 3 жыл ішінде басқару блогын жаңа кадрлармен толықтырудың тиімді арналарының біріне айналды. Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин телеграм каналында осындай пікір білдірді.

«Осы уақыт ішінде Ұлттық кеңестің 10 мүшесі Парламент депутаты және 2 өкілі министр болды. Міне, бүгін Ұлттық кеңестің тағы бір мүшесі – Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі болып тағайындалды. Саясат Нұрбек – ғылым және жоғары білім министрі. Бұл тағайындаулар қоғамдық және сарапшылар ортасынан басқарушылардың жаңа толқыны келе бастағанын көрсетеді», — деп жазды Ерлан Қарин.