Қоғамдық сектордың қаржылық есептілігін шоғырландырудың маңыздылығы туралы
15 мамырда Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясы 2023 жылға Қарағанды облысы бойынша жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мемлекеттік аудит қорытындылары жөнінде дөңгелек үстел өткізіп, оған облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қатысты.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының дөңгелек үстел отырысын ашқан мүшесі Айгүл Құтжанова мемлекеттік аудиттің қорытындысын шығарды, жекелеген әкімшілердің қаржылық есептілігінің шоғырлануы жөнінде проблемалық мәселелерді белгілеп берді және оларға бірқатар тиісті ұсыныс жасады.
Өз сөзінде ол қаржылық есептіліктің шоғырлануы барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының ұзақмерзімді қаржылық инвестицияларды және бюджет алдындағы қаржылық міндеттемелердің есепте танылмауы және дұрыс танылмауы, негізгі құралдардың қате жіктелуі, аяқталмаған құрылыс көрінісі және бухгалтерлік есеп тіркелімдерінде салық және әлеуметтік төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырысу барысында операциялардың толық көрсетілмеуі сияқты негізгі нормаларының бұзушылықтарына баса назар аударды.
Облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржылық есептілігінде жалпы сомасы 56 996 653,5 мың теңгені құрайтын активтер, міндеттемелер және шығыстар сияқты қаржылық есептіліктің негізгі элементтері бойынша бұрмалануына жол берілген.
Қаржылық бақылау шараларымен 6 жауапты лауазымды тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 238-бабының 1-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында аудит объектілеріне нұсқамалар жолданды.
Дөңгелек үстел сұрақ-жауап түрінде өтті. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы нормаларының сақталуы, қаржылық есептіліктің шоғырлануы мәселелері талқыланды.
Соңында қатысушылар өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының ақпараты негізінде