Қоғамдық көлік қатынасы тоқтаған жоқ

Облыс бойынша жолаушылар көлігі тұрақты жүргізілуде. Қала ішілік, қала аралық болсын жұмыстар тоқтатылмады. 9 бағытта қатынайтын поездар да жүріп жатыр. Бұл тұрғыда ешқандай қиындықтар жоқ. Ал, ҚарағандыЖезқазған арасында қатынайтын әуе ұшағының тоқтатылғанына бүгін 2-күн. Алдағы жұмада әуе рейсі жұмыс кестесіне сәйкес қайта іске қосылады деп күтілуде. Ал, жекеменшік әуе ұшақтары жұмысын тоқтатпады, – облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басшысының орынбасары Нұрлан Есентаев.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.