Нұра ауданында инвесторлар ауылдарды жандандыруға көмектеседі

Қарағанды облысының Нұра ауданында Құланөтпес ауылы жандана бастады.
Бастаманы кәсіпкер Сайын Ибрагимов өз қолына алды. Ол өзінің алғашқы нәтижелері мен жоспарлары туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа айтып берді. Өңір басшысы Нұра ауданында жұмыс сапарымен болып, осы елді мекенге келіп, жас агробизнесмен және жергілікті тұрғындармен кездесті.


Сайын Ибрагимов екі жыл бұрын «Құлан-өтпес» ЖШС басқарды. Кәсіпорында қазір 50 адам жұмыс істейді, негізінен жергілікті тұрғындар. Шаруашылық бидай және басқа да дәнді дақылдарды өсіреді.
Инвестор астық қоймаларын жөндеп, жаңа техника сатып алып, тыңайған жерлерді игеруде. Егіс алқаптары өсті. Агротехнологиялардың көмегімен өнімділік көтерілді.
Енді абаттандырумен айналысу, жергілікті саябақты ретке келтіру, спорт нысандары мен үйлер салу жоспарлануда.
– Ауылдағы өркениет қалалық өркениетпен тең болуы үшін күш саламыз. Ол үшін өз бизнесіңмен ғана емес, абаттандыру, инфрақұрылыммен де айналысу керек, – дейді Сайын Ибрагимов. – Биыл біз өз есебімізден алғашқы екі үйді жоспарладық. Бес жыл ішінде біз 54 жартылай жеке үй салғымыз келеді. Наубайхана іске қосылды. Мини-маркет сала бастадық.
Біз ауылдарды дамытуға мүдделі инвесторларды тартуға тырысамыз, – деп атап өтті Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов. – Құланөтпес ауылы Шахтер, Қайнар, Жараспай сияқты үлгілі ауылдардың қатарына енуі үшін жұмыс істейміз. Біз басқа елді мекендерде жұмыс істеуге дайын инвесторларды іздейміз. Мысалы, Ахмет ауылында макарон цехын салу жобасы бар. Өзбекстаннан келген инвесторлар алабалық өсірумен айналысуға ниетті
Аудан әкімінің айтуынша, аграрлық секторда 10 инвестициялық жоба әзірленген. Олардың ішінде 600 басқа арналған сүт-тауар фермасы, қуаттылығы күніне 15 тонна ұн тартатын кәсіпорын, тұқым тазарту желісі, құс етін өндіру және өңдеу кешені және т. б. бар.
Сонымен қатар, ауданда экотуризмді дамыту көзделіп отыр. Нұра өзенінің жағалауында глэмпинг орнатылады. Ол үшін бірнеше ашық киіз үй сатып алынды.