Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 18-ші отырысы өтті
ҮАК-ның тең төрағалары Қазақстан Тарапынан Қазақстан Республикасы Премьер – Министрінің орынбасары — Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, Әзербайжан тарапынан Әзербайжан Республикасының Энергетика министрі Шахбазов Парвиз Октай оглу болып табылады.
Отырысқа Комиссия мүшелері және Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының өкілдері қатысты.
Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық, отын-энергетика кешені, көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимыл және ғарыш саласы мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы кең ауқымды мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Әзербайжан жалпы тарихи тамыры, көпғасырлық достық байланыстары және сындарлы саяси диалог байланыстыратын Қазақстанның оңтүстік Кавказдағы әрдайым сенімді серіктесі болғанын және болып қала беретінін атап өтті. Биыл елдер дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтуде.