ҚҚМЗ-да «Машина жасаушылар күні» мерекесін тойлау басталып кетті

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде – «Машина жасаушылар күні» кәсіби мерекесі тойланады. Қарағанды құю-машина жасау зауыты – іргетасы 1941 жылы құрылған өңіріміздегі ірі өнеркәсіп орыны. Қаламыздың 800-ге жуық тұрғынын жұмыспен қамтып отырған ірі кәсіпорынның соңғы екі жылдағы көрсеткіші 15 млрд ұлғайған.


Бүгін Қарағанды құю-машина жасау зауыты аумағында үздік қызметкерлерді салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шара барысында Басқарма Төрағасы Байгабелов Ж.А зауыт қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекесімен құттықтады.
Өз саласында талай жыл қызмет етіп, еңбегімен көзге түскен бірқатар азаматтар Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің шешімімен «Еңбек даңқы» және «Еңбек ардагері» төсбелгілерімен марапатталды. Олар:
1 дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі – Исупов Александр Алексеевич;
3-дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі – Кондауров Андрей Алексеевич;
3-дәрежелі «Еңбек даңқы» төсбелгісі – Семенчук Марина Александровна;
«Еңбек ардагері» төсбелгісі – Сабиров Сергей Ахатович.
Сондай-ақ, қызметкерлер «Kazakhmys Holding» ЖШС Директорлар Кеңісінің Төрағасы, ТОО «Maker» Басқарма Төрағасы және Қарағанды қаласы әкімінің атынан Құрмет грамоталарымен марапатталды.
Бұдан бөлек, «Машина жасаушылар күні» мерекесі қарсаңында зауыт қызметкерлері арасында ұйымдастырылған «Менің хоббиім», «Үздік қызметкер» сайыстарының қорытындысы шығарылды. Жеңімпаздар ақшалай жүлде және түрлі бағалы сыйлықтармен марапатталды.