Мыңнан астам кәсіпорын жұмысын уақытша тоқтатты

Елде құрылыс материалдарының күрт қымбаттауына байланысты кейбір құрылыс нысандарда жұмыс тоқтап қалды. Әсіресе, мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан компаниялар тығырыққа тірелген. Өйткені, қажетті материал жобаны жасап, қаржысын есептеген кездегі бағадан әлдеқайда қымбат. Кәсіпкерлер бюджетті қайта қарауды ұсынып отыр.

Қарағандыда құрылыс материалдары 40% қымбаттаған. Салдарынан кейбір әлеуметтік нысандардың құрылысы тоқтап қалуы мүмкін. Себебі тендерді былтырғы бағамен жеңіп алған компаниялар енді тығырықтан қалай шығарын білмей дал болуда. Биыл тек Қазақстанда ғана емес, көрші мемлекеттерде де құрылыс қарқын алған соң, материалға сұраныс артқан. Өкінішке қарай, отандық кәсіпорындар ол қажеттілікті қамтамасыз ете алмай отыр. Кәсіпкерлердің айтуынша, біздегі құрылыс нарығы импортқа тәуелді. Айталық, тек темірдің 45%, ал шынының 100% сырттан жеткізіледі екен. Бағаның шарықтауының бір себебі осы. Қазір шығынға батқан шағын компаниялар мемлекеттен көмек сұрап отыр.

ҚР Ұлттық статистика бюросының зерттеу деректері бойынша, 2021 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде құрылыс ұйымдарының іскерлік белсенділігінің төмендеуі және құрылыс секторындағы экономикалық конъюнктураның нашарлауы анық байқалады. Елде құрылыс материалдары мен тұрғынүй бағасының өсуінің нақты арақатынасы байқалады, бірақ материалдар құнының өсу қарқыны жылжымайтын мүлік бағасының өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары. Осы жылдың қазан айында құрылыс материалдары 28% — ға, ал жаңа тұрғын үйді сату 14,6% — ға қымбаттапты.

Қазақстанда құрылыс материалдары бағасының өсу қысымына сектордың барлық кәсіпорындары төтеп бере алмай жатыр. Салдарынан қазіргі жағдай көптеген компанияларды өз қызметін тоқтатуға мәжбүр болған. Іс жүзінде 2021 жылдың сәуірінен қазан айына дейін құрылыс секторының 1,4 мың кәсіпорны өз қызметін уақытша тоқтатты.

Сарапшылар сәуірдің қорытындысы бойынша өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдары жылдық өсімде 21,4 пайызға қымбаттағанын айтты. Бір жыл бұрын өсім тек 0,3 пайыз болған.

Бұл ретте құрылыс ұйымдары сатып алған құрылыс материалдарының бағасы бір жыл ішінде 1,7 пайызға (бір жыл бұрын — 0,5 пайызға) өссе, көтерме сауда нүктелерінде бағаның өсуі 5,7 пайызды (бір жыл бұрын — 2,4 пайыз) көрсеткен. Сарапшылар сәуірдің қорытындысы бойынша өндіруші кәсіпорындардың құрылыс материалдары жылдық өсімде 21,4 пайызға қымбаттағанын айтты. Бір жыл бұрын өсім тек 0,3 пайыз болған.

ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН.