МСМ Қазақстанға кіру үшін визасыз елдер санын арттыруды ұсынады

Ашық шекара. Маркетингтен бөлек, сыртқы туризм бойынша мақсатқа қол жеткізу үшін елдің халықаралық ашықтығын арттыру қажет. ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рысбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы баяндады.


Мысалы, биыл 74 елдің азаматтары үшін визасыз режим қалпына келтірілді.
«Үндістан, Қытай және Иран азаматтары үшін қосымша визасыз режим енгізілді. 28 елмен 113 бағыт бойынша халықаралық әуе қатынасы қалпына келтірілді. Кіру ағынын ұлғайту үшін жағдай жасау мақсатында мынадай шараларды қабылдау орынды секілді: Қазақстанға кіру үшін визасыз елдер санын 100-ге дейін ұлғайту; бағыттар бойынша қосымша авиарейстер ашу. Бұл қажеттілік 2019 жылғы деректер негізінде және әуе қызметтері нарығындағы ағымдағы жағдайды ескере отырып, белгіленді», — деп хабарлады спикер.