Мерекелік шараларда тамақ қауіпсіздігі – денсаулық кепілі

Қазіргі уақытта мұсылмандардың қасиетті Рамазан айы өтіп жатыр. Сонымен қатар Наурыз мейрамы қарсаңында ұлттық тағамдардың алуан түрлілігін тамашалауға мүмкіндік беретін жаппай мерекелік шаралар өткізіледі деп күтілуде. Бұл күндері қоғамдық тамақтандыру орындарында «ауыл ашар» ұйымдастырылып, киізүйлер орнатылып, көшпелі сауда жанданады. Кәсіпкерлер азық-түлік өнімдері мен жергілікті ауылшаруашылығы тауарларын ұсынуды жоспарлап отыр. Алайда, мерекелік дастарқан мәзіріндегі тағамдардың сапасы мен санитариялық талаптарды сақтау – аса маңызды мәселе. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингке Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин айтып берді.

Тамақтан улану қаупі

Мерекелік дастарқанда ет және сүт өнімдері, майонез қосылған көп компонентті салаттар, кремді-кондитерлік өнімдер мен жемістер болады. Егер оларды сақтау және дайындау кезінде санитариялық ережелер сақталмаса, жеке гигиена талаптарын орындамау салдарынан жіті ішек инфекциялары мен тамақтан улану қаупі жоғарылайды. Бұқаралық шараларда санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың бұзылуы инфекциялық аурулардың таралуына әкелуі мүмкін. Оларға тамақтан улану, бруцеллез, сібір жарасы, листериоз секілді қауіпті сырқаттар жатады.

– Қарағанды облысында 2024 жылы ботулизм және жаппай тамақтан улану жағдайлары тіркелген жоқ. Дегенмен, жіті ішек инфекциялары мен уланулардың негізгі себептері – тамақ дайындау технологиясының бұзылуы, өнімдерді дұрыс сақтамау және жеке гигиенаның сақталмауы, – деді басқарма басшысы.

Кәсіпкерлерге арналған ұсыныстар

Қоғамдық тамақтандыру орындары мен көшпелі сауда жүргізетін кәсіпкерлер келесі санитариялық талаптарды сақтауы тиіс:

Тамақ өнімдерін дайындауда технологиялық үдерістерді сақтау;

Бактерицидтік сәулелендіргіштерді пайдалану;

Өнімдерді кесу үшін таңбаланған тақтайшаларды қолдану;

Жаңа және ескі тағамдарды араластырмау;

Ет, құс еті, жұмыртқа және балық өнімдерін мұқият термиялық өңдеуден өткізу;

Көкөністер мен жемістерді сірке суымен өңдеп, таза сумен шаю;

Өндірістік емес жағдайда дайындалған консервілерді пайдалануға тыйым салу;

Тоңазытқыш жабдықтарын жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету;

Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттардың болуы;

Асхана құралдары мен ыдыстарды жеткілікті мөлшерде ұсыну;

Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизация шараларын тұрақты жүргізу;

Арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету;

Жеке және өндірістік гигиена талаптарын сақтау.

Көшпелі сауда орындарында:

Өнімдерді арнайы көлікпен жеткізу;

Өнімдерді жерден сатпау;

Тоңазытқыш қондырғыларын пайдалану;

Бөтелкедегі ауызсуды қолдану;

Шикі және дайын өнімдерді бөлек сақтау;

Бір реттік ыдыстармен қамтамасыз ету;

Сауда жасаушылардың жеке гигиенасын сақтау.

Тұрғындарға арналған кеңестер

Құрметті облыс тұрғындары, көшеде және қоғамдық тамақтану орындарында тамақ өнімдерін таңдағанда:

Рұқсат етілмеген сауда орындарынан азық-түлік сатып алмау;

Өнімнің жарамдылық мерзімін және сақтау шарттарын тексеру;

Күмәнді иісі, түсі немесе консистенциясы бар өнімдерді алмау;

Бір реттік ыдысты қолдану;

Қайнатылған немесе бөтелкедегі суды тұтыну;

Тек зауыттық қаптамадағы балмұздақты сатып алу;

Қолдың тазалығына және сатушылардың санитариялық талаптарды сақтауына назар аудару;

Көшеде тамақ ішер алдында санитарлық майлықтарды пайдалану.

Тамақтан уланудың алдын алу жолдары

Күрделі салаттар мен тез бұзылатын тағамдарды көп мөлшерде дайындамау;

Өнімдердің сақтау мерзімі мен шарттарына мұқият қарау;

Көкөністер мен жемістерді ағынды сумен мұқият жуу;

Жарамдылық мерзімі өткен немесе тоңазытқышта сақталмаған өнімдерді тұтынбау;

Өнімдерді мұқият термиялық өңдеуден өткізу;

Салаттар мен тез бұзылатын өнімдерді дастарханға қояр алдында ғана дайындау;

Кремді кондитерлік өнімдерді тек тоңазытқышта сақтау;

Тамақ өнімдерінің таңбалануын тексеру;

Тек ветеринариялық бақылаудан өткен ет және сүт өнімдерін сатып алу.

– Мереке күндері аталған ұсыныстарды сақтау сіз бен жақындарыңыздың денсаулығын қорғауға көмектеседі. Тамақтан уланудың алдын алу – сақтық шараларын орындау мен дұрыс ақпараттандыруға байланысты. Денсаулығыңызды қорғаңыз және мерекені қауіпсіз өткізіңіз! – деп қорытындылады Қарағанды облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Юрий Залыгин.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,

«QH»