«МЕН – ПАТРИОТПЫН!» ІС-ШАРАЛАР СЕРИЯСЫ АЯҚТАЛДЫ

Қарағанды облысында «Мен-патриотпын!» тақырыбында іс-шаралар кешені өткізілді. Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы мен «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қоры Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне, Чернобыль АЭС апат құрбандарын еске алу күніне, Отан қорғаушылар күніне, Жеңіс күніне және ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне арналған іс-шараларды әзірлеп, ұйымдастырды. Оқиғалар сериясы ақпан айынан маусымға дейін созылды.

Осы іс-шаралардың барлығы ауқымы мен форматы жағынан әртүрлі болды, осы шараларға әртүрлі санаттағы жастар қатысты. «Мен – патриотпын!» тақырыбындағы оқиғалар сериясы Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының бір жылдығында басталды. 2021 жылдың 15 ақпанында Жеңіс саябағында интернационалист жауынгерлерді еске алу мемориалына гүл шоқтары қойылды.

Сәуір айында Қарағандының Жеңіс саябағында Чернобыль АЭС апатын жоюшы жауынгерлерге арналған монументтің жанында қаралы митинг өтті: оған қалалық Мәслихат депутаттары мен қалалық жастар ресурстық орталығының жастары жиналды.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен белгілі қазақ палуаны, классикалық күрес шебері, бірнеше дүркін әлем чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай 20-21 сәуір аралығында Қарағанды қаласындағы С.Сапиев атындағы Бокс орталығында қазақ күресінен «Сарыарқа батырлары» атты республикалық турнир өтті. Онда балуандар бақ сынасты, турнирге еліміздің барлық аймағынан 200-ден астам палуандар қатысты.

Сәуір айында Отан қорғаушылар күніне арналған айлық басталып, осы айлық аясында «Мен Қазақстан Республикасының азаматымын» челленджі, «Батырлықтың өткен шақтары» шығармашылық байқауы, жастар арасында «Дені саудың – жаны сау» атты онлайн-викториналар өткізілді. Қарағанды жастары «Ерлік сабағы» жобасы аясында тәжірибелі әскери қызметшілермен кездесті. Сондай-ақ Қарағандыда автоматты жинау және тирде ату бойынша да жарыстар өтті.

Қорғаныс-бұқаралық және әскери-патриоттық жұмыс айлығы аясында оқ атудан, Калашников автоматын бөлшектеуден және жинаудан жарыс өтті. Қатысушылар мен жеңімпаздар алғыс хаттармен және сертификаттармен марапатталды.

9 мамыр – Жеңіс күніне орай Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы мен «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қоры «Ұлы Отан соғысының ардагері осында тұрады» акциясын ұйымдастырды. Акция барысында ардагерлердің үйлерінде QR-кодты сканерлеп, олардың өмірі мен жауынгерлік жолы туралы білуге болатын QR-коды бар ақпараттық тақтайшалар ілінді.

31 мамырда аталып өтетін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні Қарағандыда Долинка кентіне – әйгілі Карлаг музейіне экскурсия ұйымдастырылды.

Балаларды қорғау күні Орталық пен Қоғамдық қор әлеуметтік желілерге орналастыру үшін арнайы роликтер дайындады, онда балалар ер жеткенде кім болатыны туралы ойларымен бөлісті, өз ата-аналары туралы әңгімеледі, бақыт туралы және достың ең жақсысы қандай болуы керектігі туралы ойларын жеткізді.

4 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қарағанды қаласының Жастар ресурстық орталығы мен «Қазақстан жастар фракциясы» қоғамдық қоры еліміздің әнұранын жаппай орындау бойынша акция өткізді. Бұл шараға қалалық штабтың еріктілері, жастар мәслихатының депутаттары қатысты. Тутұғырда бастау алған іс-шара «Қарағанды» қонақ үйінің алдында жалғасын тапты: онда 150 кәдесый түріндегі мемлекеттік жалаушалар мен кәдесый материалдары таратылды. Сонымен қатар, Қарағанды Жастар ресурстық орталығы осы айтулы күні қала тұрғындары арасында мемлекеттік рәміздерге қатысты сауалнама жүргізді, сауалнамаға дұрыс жауап бергендер тәтті сыйлықтарға ие болды.

 Аслан КӘБЕГЕНОВ.