Мемлекеттік субсидияға өтінім қабылданады

Қарағанды қаласының жұмыс берушілері 2023 жылға арналған субсидияланатын жұмыс орындарына өтінім білдіре алады. Ол үшін «Қарағанды қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-ға биылғы 1 қарашаға дейін хабарласып, қажет құжаттарды тапсыруы тиіс.

Жұмыс берушілер кәсіпорында субсидияланатын жұмыс орындарын ашып, Жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарды қабылдай алады. Жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың еңбекақысы толығымен немесе ішінара мемлекет тарапынан Жұмыспен қамту орталығы арқылы төленеді.

Жұмыс берушілерге қойылатын талаптар:

  • 1 жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан кәсіпорын болуы тиіс;
  • салық және басқа төлемдер бойынша қарызы болмауы тиіс.

Қосымша сұрақтар бойынша Бұқар жырау даңғылы, 51/4 мекенжайына баруға немесе 996-402, 996-493,996-394, WhatsApp 8 (775) 644-35-80 нөмірлеріне хабарласуға болады.