Мемлекеттік грант 2022 жылдың нәтижелері
2022 жылы «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ 104 мемлекеттік грант, оның ішінде ХӘОТ санаты бойынша 52 грант (халықтың әлеуметтік осал топтары) және «29 жасқа дейінгі жастар»санаты бойынша 52 грант берілді.
Ағымдағы жылы бизнесті ашудың ең танымал бағыттары қызмет көрсету саласы (шаштараз, сұлулық салондары, тазалау және т.б.), қоғамдық тамақтандыру (кондитерлік өнімдер, жартылай фабрикаттар, нан пісіру), жеңіл өнеркәсіп (ателье, жиһаз өндірісі, дәнекерлеу цехтары) болып табылады