Мектептерде тазалық талабы күзейтіледі

Биыл ҚР Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі штаттық оқыту режиміне көшіру туралы шешім қабылдағаны белгілі. Енді денсаулық сақтау саласы бойынша санитарлықэпидемиологиялық қызметкерлер әкімдіктермен бірігіп, мектептердің оқу жылына дайындығын тексеретін болады. Мұндай тексеріс 25 тамызға дейін жалғасады. Қазірдің өзінде ел бойынша шамамен 350-ден астам мектептің балаларды оффлайн режимде қабылдауына дайын емес екендігі мәлім болған.

«Тексеру барысында мектептердің с а н и т а р л ы қ — э п и д е м и о л о г и я л ы қ талаптарға сай болуына назар аударылады. Атап айтқанда, ғимараттардың с а н и т а р л ы қ — э п и д е м и о л о г и я л ы қ жағдайлары, балалар мектепке келгенде ара қашықтықты сақтау туралы айқын белгілердің және қолды дезинфекциялауға арналған санитайзерлердің болуы, сондайақ, мектепке кіре берісте балаларды өткізуді бақылау қалай жүргізілетіні тексеріледі», — деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният. Оның айтуынша, қазіргі кезде бас санитарлық дәрігердің Қаулысының жобасы әзірленуде. Онда сыныпта бір бала КВИ жұқтырса, науқаспен байланыста болғандықтан сыныпты толықтай карантинге жіберу қарастырылған. Және олардың барлығы міндетті түрде ПТР сынама тапсыратын болады.

Жалпы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталмай тұрғанда, балалардың мектепте барып оқуы қауіпті емес пе деген заңды сауал туындайды. Бұл тарапта мамандар қазір ДДСҰ да балалардың мектепке баруына кеңес беріп отыр. Қанша індет болса да, дамыған елдер, соның ішінде Германия, Ұлыбритания, Франция, Швейцария, Бельгия сияқты елдер балаларды оқытуды тоқтатқан жоқ. Сондықтан осындай шешім қабылданды. Ұжымдық иммунитет қалыптастыру және балалардың өмірін сақтау үшін халық вакцина алуы керек, — деді вице-министр.

Оқу жылы басталған соң мониторингтік топтар, эпидемиологиялық қадағалау комитеті мектептерді тексеріп тұрады. Ауырып қалған балаларды, байланыс топтарын, ошақты тексеру үшін олар әр мектепке кіреді. Егер қойылған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталмаса, ҚР Әкімшілік кодексінің 425-бабының 1-бөлігіне сәйкес айыппұл салынады. Атап айтқанда, жеке тұлғаларға 30 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық ұйымдарға 230 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 1600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Сондай-ақ, мамандар «Ashyq» қосымшасы туралы да пікір білдірді. Олардың пікірінше білім нысандарындағы қосымша бірінші кезекте оқушылар үшін емес, қызметкерлер үшін міндетті.

«Мектепте «Ashyq» оқушылар үшін емес, қызметкерлер үшін міндетті болып табылады. Біз үшін науқаспен байланыста болған немесе ПТР тест нәтижесі оң мұғалімдер мен қызметкерлерді мектептерге жібермеу маңызды. Атааналар кіреберіске апарады, одан әрі балалар өздері барады. Ата-аналар мектепке жіберілмейді. Бұл ереже өткен жылдан бері қолданылып келеді. Ал егер мектепке шақыртса, онда ол қосымша арқылы кіреді»,- деп түсіндірді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова.

ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ