Мектеп каникулы ұзартылды

Білім және ғылым министрлігінің бұйрығына сәйкес жалпы білім беретін мектептерде демалыс 17 қаңтарға дейін ұзартылды. Жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттеріне 10 қаңтардан 24 қаңтарға дейін демалыс берілді. Сондай-ақ, балабақшалар мен қосымша білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істейді.