ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров: «Оразаны қандай нәрселер бұзбайды

ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Оңғаров: «Оразаны қандай нәрселер бұзбайды
1️⃣ Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

2️⃣ Құлаққа су кіру, топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;

3️⃣ Қан алдыру немесе сүлік салдыру; көзге, құлаққа дәрі тамызу; мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тісті жуу».