Майқұдықтың жолы 95 пайыз дайын

Ағымдағы жылдың қазан айының соңына қарай «Қарағанды қаласының коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ Карл Маркс және Магнитогорская көшелері бойынша 10 шақырым жолдың құрылысын аяқтауға уәде береді. Қараша айында жолда автокөліктер үшін толық жол ашылады.

Бұл туралы бөлім басшысы Рүстем Қожағапанов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазан айының соңына дейін 10 шақырым автожолға асфальт-бетон қабатын төсеуді толық аяқтау жоспарланған. Келесі жылы М-14 магистралінен жол өтпесіне дейінгі учаскеде небәрі 800 метр ғана құрылыс жұмысы қалады.

— Бүгінде осы жылға қарастырылған жоспардағы біздің жұмысымыздың көлемі 95%-ды құрайды. Жоба 2022 жылға ауысады – толық аяқталуы тамызға жоспарланған. Биыл Сантехническая көшесінен (ТҚС зауыты) оңтүстікшығысқа бұрылуға дейін (М-14 магистралі) жол толығымен қамтамасыз етіледі. Абаттандыруға келетін болсақ: бүгінгі күні Восток-5 шағын ауданына дейін жарықтандыру толық қосылған. Осы нүктеге дейін жол белгілері қойылып, қазір жасыл желектерді отырғызу жүргізілуде. Қазан айының соңына дейін Сантехническая көшесінен «Голуыбые пруды» ықшам ауданына дейін белгілер мен бағдаршамдармен кешенді абаттандыру жұмыстары аяқталады.

Біз, жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жобаға сәйкес, жаяу жүргіншілер өткелдері мен аялдама павильондарының орналасуы бойынша қауіпсіздік тұрғысынан кейбір өзгерістер жасадық. Бұрын бұл көшеде 11 бағдаршам болған, енді біз олардың санын 21-ге дейін арттырдық. Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелері бағдаршамдармен жабдықталады. Бұл ең алдымен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін жасалады. Тұрғындардың өтініші бойынша біз «Горняк» аялдамасында бір ғана реттелмейтін өткелді қалдырдық. Тағы бір жаңалық — бүкіл көше енді қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз ететін бөлгіш жолақпен қамтылды. Яғни, жолды кесіп өтуге үлгермеген адамдар бөлу жолағында жасыл сигнал күте алады, — деді Рүстем Қожақапанов.

Басшы абаттандыру бөлігінде қайғылы жағдайларға әкеп соқтырған кейбір қателіктер жіберілгенін мойындады. Мысалы, «Горняк» аялдамасында жаяу жүргіншілер өткеліне жасыл желек тым жақын отырғызғандықтан, жүргізуші әйел адамды қағып кетіп, ол жол апатынан кейін ауруханаға түскен. Бұл қателіктердің барлығын әрі қарай жақсарту кезінде ескеруге уәде беріледі.

Қазір жұмыс екі ауысымда жүргізіліп, түн ортасына дейін жалғасуда. Жолда 250- ге жуық адам және 150 бірлік техника жұмыс істейді. 2022 жылдың тамызында жол пайдалануға берілгеннен кейін де, мердігерлермен кепілдік мерзімі 5 жылды құрайды. Жөндеу жобасын «Казахдорстрой» ЖШС жүргізеді. Ұйым басшысының орынбасары Махамбет Окашев асфальт-бетон жабынын төсеу жұмыстары туралы егжей-тегжейлі айтып, осы автожолдың қызмет ету мерзімі туралы өз пікірін білдірді:

— Қазіргі уақытта жобаға сәйкес, жол бірнеше қабат негіз және үш қабат асфальтпен төселген – жоғарғы қабаты 5 см, ортасы– 7 сантиметр және төменгі қабат – 10 сантиметр. Жұмысты бастау үшін біз ескі асфальт қабатын алып тастап, ескі негізді алып тастаймыз. Оның тереңдігі екі метрге жетеді. Жер асты суларының жол астынан өтуіне байланысты негізді тұрақтандырып орналастыру үшін қосымша жұмыстар жүргіземіз.

Сондай-ақ, жоба бойынша нөсер кәріздері мен жаңбыр құдықтарын төсеу жұмыстары жүргізілді. Әзірленген жол жобасы бойынша ауыр жүк көліктерінің ағыны мен жергілікті трафик қарастырылды. Пайдаланылған материалдар осы талаптарға сәйкес қолданылады. Сондықтан бұл жол тұрғындар игілігіне ұзақ қызмет ететін болады деп сенемін, — деп сендірді Оқашев.

Ақзия ОРАЗАЛИЕВА,

QH.