Маңызды жобалар

Қарағанды облысында өңдеу секторы тұрақты дамып, биылғы жылы 11% -дан астам өсіммен 3,2 триллион теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы өкілі маңызды инвестициялық жобаларды таныстырды.

Биылғы жылы Қарағанды облысында өндірілген өнеркәсіптік өнім ауқымы былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 11 де 3 пайызға өсіп отыр. Бұл ретте өндеу секторының үлесі де салмақты өнеркәсіпте 78 пайызды өңдеу секторы межелеп отыр. Кәсіпорындар 2,5 триллион теңгеге өнім өндірген.

– Өңдеу өнеркәсібінің негізгі салаларында оң динамика яғни қара металлургияда 13,8 пайызға, түсті металлургияда 7,5 пайызға, машина жасауда 21,6 пайызға, резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіруде 27,5 пайызға, фармацевтикада 34,6 пайызға қамтамасыз етілді. Жыл қорытындысы бойынша, 11 пайыз өсіммен 3,8 триллион теңгеге өнеркәсіптік өнім шығару жоспарлануда, – деді Облыстық өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Молдакәрімов.

Жыл басынан бері 5 жаңа кәсіпорын ашылған. Қарағандыда су жылыту газ қазандықтарын шығаратын зауыт ашылды. Saran индустриялық аймағында полиэтилен құбырларының өндірісі іске қосылды. Теміртауда полимерлі бекіткіштерді шығаратын кәсіпорын жұмысын бастаған. Сонымен қатар ауылшаруашылық саласына Абай ауданында мал азығын даярлайтын зауыт жаңғыртылып, Нұра ауданында «Шахтерское» ЖШС дәнді дақыл тұқымын тазарту желісін енгізген. Енді жыл соңына дейін құны 125 миллиард теңгені құрайтын тағы 5 жобаны іске қосу көзделіп отыр. Бұл кәсіпорындар іскерлігін бастаса 1000 мыңға тарта қосымша жұмыс орны ашылады, деді. Мәселен, Шет ауданында катодты мыс өндіру жобасы жүзеге асады дейді. Соңғы үш жылда өңірге 2 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды. Бұл ретте әлеуетті инвесторларды тарту жұмысы да берекелі. Саран қаласындағы индустриялық аймақтағы кәсіпорындар іскерлігі де нәтижелі дейді.

– Индустриялық зона Саранда «Казтехно» автобус шығарылып жатыр. Автокөлік шиналары шығарылады. Тұрмыстық техникалар шығарылады. Осы жаңа жобалардың қосылуы есебінен бізде қазіргі таңда, қазіргі күні өнеркәсіпте оң динамика байқалуда,оң динамиканы біз жылдың аяғына дейін біз 3,8 триллионға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз, – деді спикер.

Келесі жылы бұл көрсеткішті бәсеңдетпей 4 триллион теңгеге дейін жеткізуді жоспарап отырмыз, деген Әлібек Молдакәрімов, Қарағанды облысының экспортық әлеуеті де бұл күндері кеңейе түскенін атап өтті. Біздің аймақтағы кәсіпорындар өнімі әлемнің 70 еліне экспортталады. Биылғы жарты жылдың қорытындысы бойынша экспорт бағытында 2,6 миллиард долларға өнім жеткізіліпті.

Қанағат ЖИЕНҚҰЛОВА,                                    

«QH»