Мәжіліс пен мәслихаттарға сайлау: қазақстандықтар шетелде дауыс бере алады

Қазақстан азаматтары шетелде ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатыса алады. 2023 жылдың 10 наурызында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сыртқы саяси ведомствода Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанынан 62 шет мемлекетте 77 сайлау учаскесі құрылғанын нақтылады.

 

«Дауыс беруге қатысу үшін белсенді сайлау құқығы бар, тиісті шет мемлекетте тұратын немесе жеке, қызметтік, оқу, іскерлік және туристік мақсаттар бойынша жүрген және ҚР азаматының жарамды паспорттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары сайлау учаскесі құрылған Қазақстанның дипломатиялық немесе консулдық өкілдігіне жүгіне алады».

ҚР шет елдердегі мекемелері жанындағы дауыс беру сайлау күні (2023 жылғы 19 наурыз, жексенбі) жергілікті уақыт бойынша 7:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетін болады.

 

«Шетелде дауыс беру процесін уақтылы және толыққанды дайындау үшін ҚР азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласуды және сайлаушылар тізіміне енгізу үшін деректерді ұсынуды сұраймыз».

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.