М.Жұмабаевтың 150-жылдығына арналған көрме
Қарағанды өңірлік Әскери полиция басқармасының жедел-ден қою бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметкерлерімен, Қарағанды қаласының М.Әуезов атындағы «орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ Жасөспірімдерге қызмет көрсету бойынша №1 филиал кітапханасында кітапхана қызметкерлерімен бірлескен, Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Бекенұлы Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына орай көрме ұйымдастырылды және мерзімді әскери қызметшілермен – әдеби танымдық кеш өткізілді. Көрме барысында Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан мерзімді әскери қызметшілерге ұлы ақынның кітаптары мен еңбектері және ерліктері туралы баяндап берді. Бұл көрмеде сарбаздар ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы қызықты мағлұматтарға қол жеткізді. «Мен жастарға сенемін»,- деген қоғам және мемлекет қайраткерінің сөзін ескерген Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана меңгерушісі Гүлмаржан Қосжан, сан түрлі өнерді бойына жыйған дарын иесінің атқарған еңбектеріне арнайы тоқталып өтті.
«– Өткен ғасырда ұлтымыз талай қилы кезеңдерді, бірнеше саяси репрессияны бастан өткерді. Көптеген ұлтшыл, білімді ғалымдар, қарапайым азаматтар жазықсыз жапа шекті. Солардың бірі де, бірегейі көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, дарынды ақын және Алаш қозғалысының қайраткері – Мағжан Жұмабаев болды. Бүгінгі кештің негізгі мақсаты да осы тұлғаның ерен еңбегін ұлықтау, бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіріп, зердесіне тоқуына ықпал ету,» – деді ол.
Отан алдындағы абыройлы борыштарын өтеп жүрген сарбаздар сыршыл ақын Мағжан Жұмабаев жырларын жатқа оқыды. Ақын, ұлт болашағы үшін күрескен Алаш қайраткері. Рухты жырларымен халықты жігерлендіріп, елді татулыққа шақырып, солақай саясаттың құрбаны болған тұлға жайлы деректі фильм көрсетілді.