М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушылары мен ата-аналары арасында ZOOM платформасында тікелей эфир өтті

Ағымдағы жылдың 16 ақпанында Қарағанды қаласының М.Жұмабаев атындағы №39 гимназия оқушылары мен ата-аналары арасында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелерінің қатысуымен «СOVID-19 және балалар» тақырыбында ZOOM платформасында тікелей эфир өтті
Кездесу кезінде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың алдын алу мақсатында екпе бойынша ұсыныстар берілді, ұжымдық иммунитетті мүмкіндігінше тез қалыптастыру үшін өздерін және бір-бірін қорғауға, балаларды екпеден өткізу, аурулардың алдын алу бойынша ұсыныстарды сақтауға шақырылды.
Кездесуге барлығы 40 адам қатысты. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар!