МӘДЕНИЕТТІҢ МӘЙЕГІ

Қазіргі қоғам үшін мәдениет, ең алдымен, тұлғаны руханиэстетикалық, парасаттылық тұрғысынан дамытудың құралы. Ал мәдениеттің ең басты бір ошағы, адамға рухани байлық сыйлап, ғылым мен білімнің терең сырынан сусындатар орын – кітапхана. Халқымыздың құндылықтарын дәріптеуге бағытталған, жеке тұлғаның және жергілікті қоғамның қызығушылықтарына бет бұрған жергілікті мәдени орталықтың бірі – «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі». Қарағанды қаласының кітапханалар жүйесі 20 филиал және заңғар жазушымыз М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханадан (ОКЖ) құралады.

Бүгінгі таңда ОКЖ – қоғамдық әдебиет пен заманауи ақпараттық технологияларды қолдану арқылы өз пайдаланушыларының жан-жақты, интеллектуалдық және рухани дамуына үлесін қосып отырған қаламыздың ақпараттық орталығы. Кітапханана жұмысын заманауи үрдістер шеңберінде дамыту – мамандардың ең басты міндеті. Осы орайда ОКЖ іске асырылып жатқан жаңа жобалар мен қызмет түрлеріне тоқтала кетсек. «Damu ke іstіgі» жобасы аясында М.О.Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында және 5 кітапханафилиалында коворкинг-орталықтары бар. Коворкинг-орталықтарына келушілер үшін жұмыс істеуге және интелектуалды демалысқа қажет барлық жағдайлар жасалған: ыңғайлы креслолар, үстелдер, ноутбуктар, принтерлер, сканерлер, бірлескен және жеке жұмыс жасауға арналған аймақтар, тегін Wi-Fi; демалыс аймағында: смартфонға 3D көзілдірік, тоғызқұмалақ, шахмат, теннис үстелі және ақпаратты жедел табуы үшін мобильді кітапхана бар. 2019 жылдан бастап «Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ және Қарағанды облысының ғылымитехникалық құжаттама мұрағатының басшысы Т.Аршабековтың бастамасымен М.О.Әуезов атындағы ОҚК ақпараттықөлкетану бағдарламалары форматында «Өлке тұлғалары» кітапханалық тележобасы өз жұмысын бастады. Жоба аясында Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты, ҚР Білім беру ісінің меценаты, «Алтын Жүрек» ұлттық сыйлығының лауреаты және ҚХА «Бірлік» алтын медалінің иегері Бекзат Алтынбековтың қолдауымен ақын Бағдат Мүбарактың, Серік Сағынтайдың шығармашылықтарына және Касым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толуына арналған қалалық байқаулар өткізілді. Сонымен қатар, кітапханада жастарды кітап оқуға баулу үшін «Жұлдызды оқырман» кітапханалық жобасы аясында қаламыздың танымал адамдарымен бірнеше кездесулер ұйымдасырылып, олардың бейнежазбасы әлеуметтік желілерге жүктелген. Бұл кітапханашылардың сенімді серіктестермен, меценаттармен, волонтерлермен және кітапхана оқырмандарымен табысты ынтымақтастығының үлгісі болып табылады

Биылғы Балалар әдебиеті жылы шеңберінде кітапханашылар жазғы демалыс уақытында «Ашық аспан аясында» кітап оқу жұмысын, буккроссинг – кітап алмасу акциясы ұйымдастыруда. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Мен кітап оқуды ұнатамын!» атты қалалық байқау, М.О.Әуезовтың шығармашылығына арналған ғылымиконференция өткізу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қазақстандық мәдени мұраны зерделеу және танымал ету мақсатында чипті бейнені өткізу кезінде жазылған мәтінді дыбыстайтын, музыкалық шығармаларды жаңғыртатын маркер форматындағы оқу құрылғысы бар «Даналық әліппесі» және «Абай» интерактивті кешендері алынып, оқырмандардың назарына ұсынылды. Қорды қалыптастырудың тағы бір жолы – жергілікті ақын-жазушылармен келісімшартқа отырып, олардың шығармаларын сандық форматқа көшіріп, электрондық өлкетану коллекцияларын дайындау. Бұл жұмыстың мақсаты – қала тұрғындарын  өлкеміздің мәдени құндылықтарымен таныстыру, өлкетану білімдерін арттыру. Қазіргі таңда Серік Ақсұңқарұлы, Ерғазы Төлеу, Тұрсынхан Бердалина, Қайрат Асқар, Ғабдыманап Жазықбаев, Сайлау Балташұлы, Ғабит Әбілқасов және тағы да басқа танымал қарағандылық ақынжазушыларымызбен 70-тен аса авторлық шарт жасалып, кітаптарды цифрлық форматқа көшіру үшін тағы да 20 шарт жасау жоспарлануда. Сандық форматқа көшірілген кітаптар кітапхана сайтына орналастырылып, бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Академиялық кітапханасының электрондық кітапхана қорына берілді. Бұл жұмыстың қарқынды жүргізілуіне «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған цифрлық өндіріс кабинеті өз ықпалын тигізуде.

Жанға жағар эмционалды-жайлы, әдептілік пен сыпайылық орнаған ортаны кітапханашылар жасайды. Инновациялық, ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқырман талабына сай қызмет көрсету үшін мамандардың шеберліктерін шыңдау, кәсіби біліктіліктерін арттыру – кітапхананың тағы бір міндеті. «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ мен Е.А. Букетов атындағы ҚарУ арасындағы ынтымақтастық пен өзара әрекеттестік негізін кеңейту мақсатында «Үштілділік аясында пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсетуді дамыту» атты жобасы өз жұмысын бастады. «Үштілділік аясында пайдаланушыларға кітапханалық қызмет көрсетуді дамыту» кітапханалық жобасының барысында жүйенің кітапхана қызметкерлері ағылшын тілінде коммуникативтік құзыреттілігін арттырды, үштілділік элементтерімен кітапханалық мәдени шаралар мен «Бір ел – бір кітап» акциясын өткізді, әлеуметтік желіде оқырмандар назарына қызықты хабарламалар мен жарияланымдар ұсынды. Мамандардың еңбек әлеуетінің сапасын арттыруға ынталандыратын жолдардың бірі – атқарылған қызметтің бағалануы. Осы тұрғыда айтарымыз, жыл сайын мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай кітапхана мамандары Қарағанды қаласы әкімінің сыйлығына ие болады. Былтыр «Жылдың үздік кітапханашысы» номинациясы бойынша №16 кітапхана-филиалының меңгерушісі Н.Г.Фирсова және №12 балаларға қызмет көрсету кітапханфилиалының меңгерушісі Н.Г.Морозова лауреат болса, биыл №11 балаларға қызмет көрсету кітапхана-филиалының меңгерушісі Л.С.Тимашева лауреат болып, әрқайсысы 200 мың теңге сыйлық сертификатын иеленді.

Міне, қаламыздың рухани қазынасының бірі – кітапхананың тыныс-тіршілігі осындай. Рухани азық іздеген, көкірегі ояу қала тұрғындарына, білім іздеген зейінді жастарымызға, жазғы демалыс уақытын тиімді пайдаланып, өнерге, сан түрлі қызығушылықтарға қанат қағам деген балаларға кітапхана есігі әрдайым ашық. «Мәдениеттің мәйегі – кітап» деген екен

Шерхан Мұртаза, ендеше оқығанымызды ойымызға тоқып, мәдениетті, талғамы биік адам болып, өлкеміздің, еліміздің гүлденіп, өркендеуіне үлес қосайық.

Сауле КЕЙКИНА, “Мәдениет қайраткері” төсбелгісінің иегері