Ұлттық нейрохирургия орталығында 14 жыл ішінде 37 мың ота жасалды

«Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ басқармасының төрағасы Серік Ақшолақов баяндама жасап, орталықтың 14 жылдағы қызметінің нәтижелеріне тоқталды. Орталық жұмыс істеген жылдар ішінде 37 мыңнан астам ота жасалып, 59 мыңнан астам науқас емделді, 70-тен астам жаңа нейрохирургиялық технологиялар енгізілді.

Орталық халықаралық бірлескен комиссияның (JCI) аккредитациясынан төрт рет өткен, бұл медициналық қызмет сапасының жоғары деңгейін дәлелдейді. Орталық ең заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған. 2021 жылы орталықта радиохирургиялық емдеудің «алтын стандарты» болып табылатын Гамма-пышақ стереотаксиялық радиохирургиялық қондырғысының жұмысы іске қосылды.
Сапар барысында вице-министр радиология және радиохирургия бөлімін, Гамма-пышақ бөлімшесін, аурухананың фармация бөлімін, нейрохирургия және невропатология бөлімін, кітапхананы аралады. Орталықты аралау барысында Вячеслав Юрьевич емхана қызметкерлерімен әңгімелесті, сондай-ақ, оған отандық медициналық тәжірибеден алынған күрделі клиникалық жағдайлар көрсетілді.

Вячеслав Дудник ісік зақымдануы, мидың қан тамырлары аурулары, сондай-ақ мидың өмірлік маңызды құрылымдарында орналасқан мидың көптеген метастаздары үшін қосымша хирургиялық тәуекелдерсіз қолданылатын Гамма-пышақ жоғары технологиялық жабдығының жұмыс істеу принципімен танысты.

Вячеслав Юрьевич сонымен қатар орталықтың ноу-хауы, дәрі-дәрмектің инновациялық менеджменті бойынша серпінді жоба – ауруханалық фармация бөлімінде болды. Ұлттық нейрохирургия орталығы посткеңестік кеңістіктегі ауруханалық дәріхана бөлімі ашылған алғашқы клиникалардың бірі. Вице-министр жұмыстың күрделілігі мен осы бағыттағы мүмкін болатын проблемалар туралы сұрастырды.

Жалпы талқылау барысында нейрохирургиялық қызметті ұйымдастыру, білім беру және ғылыми қызмет бойынша өзекті мәселелер айтылды. Сапар нәтижесінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіне одан әрі талқылау және ұсыныстар енгізу арқылы проблемаларды тереңірек талдау және зерделеу қажеттілігі туралы шешім қабылдады. Вице-министр, сондай-ақ, орталықтың жұмыс деңгейін жоғары бағалап, қызметкерлерге жұмысына үлкен табыс тіледі.